Қостанай облысында ерлі-зайыпты газдан уланып көз жұмды

313

Қайғылы жағдай Бейімбет Майлин ауданына қарасты Май ауылында тіркелді.

Қостанай облысында ерлі-зайыпты газдан уланып көз жұмды Фото: inbusiness.kz

Қостанай облысында ерлі-зайыпты газдан уланып көз жұмды. Бұл туралы облыстық ТЖД басшысы Қайрат Қасым хабарлады, деп жазады inbusiness.kz alau.kz порталына сілтеме жасап.

"Табиғи газдан уланған. Ер мен әйел өз үйінен табылды. Қайғылы жағдайға сұйылтылған газбен жұмыс істейтін пеш қақпағының ашық қалуы себеп болған", - деді Қайрат Қасым. 

ТЖД, әкімдік бюджет пен демеушілер есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдардың үйлеріне түтін мен газ датчиктерін орнатқандарына бірнеше жылдың жүзі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу