Рудный қаласы полиция басқармасы Көші-қон қызметінің қызметкерлері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына мемлекетаралық іздеуде жүрген 1996 жылы туған Ресей Федерациясының азаматын ұстады.
"Қылмыскер Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алу мәселесі бойынша көші-қон қызметіне жүгінген кезде қолға түсті. Жас жігіт 2022 жылдың желтоқсанында Қазақстанға Түркиядан келгені, көрші мемлекеттің аумағында жасалған бопсалау үшін іздеуде екендігі анықталды. Іздеуде жүрген адамды полиция қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.