Жітіқара қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері 2026 жылдың мамыр айынан бері халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жеке басы анықталғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Соттың шешімімен оған қатысты уақытша қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Полиция әділ сот органдарынан жасырынып жүрген тұлғаларды анықтау және ұстау жұмыстарын жалғастырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу