Қостанай облысында халықтың осал тобына 183 жалдамалы пәтер сатып алынбақ

486

Осы мақсатта бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлу көзделген. 

Қостанай облысында халықтың осал тобына 183 жалдамалы пәтер сатып алынбақ Фото: top-news.kz

Қостанай облыстық құрылыс басқармасының басшысы Берік Танжарықовтың айтуынша, ақпан айында кезекте тұрғандар үшін жалдау ақысын субсидиялауға көзделген қаражатты қайта бөлу мәселесі қаралады. Бұл қаржыны жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға жұмсау жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап.

Құрылыс басқармасы басшысының сөзінше, мемлекет халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тұрғындар үшін 1,7 млрд теңгеге (бір пәтерге 9,6 млн теңге) 183 пәтер сатып ала алады.

"Бүгінде қалалар мен аудан әкімдіктері тұрғын үй қажеттілігін ескере отырып, тұрғын үй нарығын талдап, қаражатты дұрыс бөлуді жүргізу үшін басқармаға ақпарат ұсынуы қажет", - деді Берік Танжарықов облыстық әкімдікте өткен кеңесте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу