Қостанай облысында екі бірдей кәсіпорын қағаз қалдықтарын іске жаратып отыр, деп хабарлайды 24Хабар.
Олардың бірі жұмыртқа қораптарын жасайды, екіншісі картон шығарады. Шикізат жеткілікті. Өндіріс орындары айына 300 тонна қағаз қалдығын қайта өңдейді. Жұмыртқа лотоктарын жасайтын желі тәулік бойына тоқтаусыз жұмыс істейді. Бір тонна қағаз қалдығынан 12 жарым мың жұмыртқа қорабы шығарылады. Оның бәрі жақын маңдағы құс фабрикасына жіберіледі. Анатолий Дорожко, картон-қағаз комбинатының директоры: - Әзірге жергілікті фабриканың сұранысын өтеп отырмыз. Болашақта өндірісті кеңейтіп, айына 2,5 миллионға дейін қорап шығарсақ деген жоспарымыз бар. Сол кезде Қазақстанның басқа аумақтарын қамтуға болады. Ал енді осы кәсіпорынмен көршілес орналасқан өндіріс орны қоқыстан орама қатты қағаз өндіреді. Жақында ғана ашылғандықтан әлі күш алып кете қойған жоқ. Ал толық қуатына көшкен кезде шикізат өңдеу қазіргіден үш есеге дейін артады.
"Бір тонна 200 келі қағаз қалдығынан бір тонна дайын өнім аламыз. Тәулігіне шамамен 8 тонна қоқысты өңдейміз. Толық қуатында жұмыс істейтін болсақ, айына 800 тоннаға дейін жеткіземіз", – дейді кәсіпорын директоры Даулет Есупов.
Салмағы бір тонна басатын үлкен орама қағаз үш сағаттың ішінде дайын болады. Осы уақыт аралығында қағаз қалдықтары бірнеше өндірістік кезеңнен өтеді