Қостанай облысында "Қайрақ" өткізу пункті арқылы 33 млн рубль алып өтпек болған азамат ұсталды

476

Оқиға 17 сәуір күні болды.

Қостанай облысында "Қайрақ" өткізу пункті арқылы 33 млн рубль алып өтпек болған азамат ұсталды Фото: alau.kz

Облыстың "Қайрақ" өткізу пунктінде қазақстандық тізгіндеген Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін тексеру кезінде 33 млн рубль мөлшерінде (404 858 долларға тең) ақшалай қаражат анықталды, деп жазады inbusiness.kz alau.kz порталына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес шетел валютасын, алтын құймалар мен монеталарды Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған. Қазақстан азаматына шетелге шығуға рұқсат етілмейді", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті.

Бұл факт бойынша құзыретті органдарға хабарлама жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу