Қостанай облысында қар жауып, 9 автокөлік жол жиегіне шықты

235

Қолайсыз ауа райы жүргізушілерді әбігерге түсірді.  

Қостанай облысында қар жауып, 9 автокөлік жол жиегіне шықты Фото: polisia.kz

Қостанай қаласында, Қостанай, Меңдіқара және Фёдоров аудандарында таңертеңнен бастап қар аралас жаңбыр жауды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауа температурасының нөлден жоғары болуына қарамастан, жолдарда көлік жүргізуге қар мен судың араласуы, бірқатар жол-көлік оқиғасына себеп болды. Ауа райының нашарлауына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет тәртібіне көшті.

Ерекше назар Қарабалық ауданына бағытталған KAZ-03 Қостанай – Алматы – Екатеринбург республикалық автожолына аударылып отыр. Таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін жол шетіндегі сайдан 9 автокөлік шығарылды.

Жолдың бір учаскесінде Alphard және Volkswagen көліктерінің жүргізушілері рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Оларға патрульдік полиция қызметкерлері көмектесіп, қасынан өтіп бара жатқан жүк көлігі мен бейжай қарамаған жүргізушілердің көмегімен көліктерді қар құрсауынан алып шықты.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы және қала маңындағы жол аймақтарында жүргізушілерге нашар көріну жағдайында және тайғақ жолда жол ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы ескертулер жасалды.

Полиция жүргізушілерге ауа райы болжамын алдын ала тексеріп, сапар бағытын соған сәйкес түзетуді қатаң ұсынады.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу