Қостанай облысында карантин шаралары тағы бір аптаға созылды

539

Штаб отырысында Рудный қаласының, Қостанай, Алтынсарин және Әулиекөл аудандарының әкімдері өңірдегі ахуалды баяндады. 

Қостанай облысында карантин шаралары тағы бір аптаға созылды

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ жиында мониторингілік топтардың жұмысы қарастырылды. Қазіргі уақытта арнайы топ 1045 рейд жүргізіп, 5440 нысанды тексерген. Тексеріс барысында 935 ереже бұзушылық анықталды, материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санэпидбақылау органдарына жіберілген.

"Тек соңғы тәулік ішінде карантин ережесі 53 рет бұзылды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары бұрын алынған материалдарды ескере отырып, айыппұлдар туралы 78 қаулы қабылдады.

Санитарлық-эпидемиологиялық аймақтық басқарманың жақсармай жатқанын және кәсіпкерлік субъектілерімен де, жеке тұлғалармен де бұзушылықтар азаймай отырғанын атап өткім келеді. Мәселен, 1 қарашада күніне 13 жағдай, ал 20 қарашада тәулігіне 72 КВИ жағдай тіркелді. Өсім өте көп. Біздің облыс Республика бойынша "қызыл аймаққа" кірді.

Осыған байланысты карантиндік шараларды 2020 жылдың 23-30 қараша аралығында тағы бір аптаға ұзартуға мәжбүрміз.

Құрметті қостанайлықтар, сіздерді КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық ұсынылған шараларды сақтауға шақырамын.

Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған кезде неғұрлым қатаң карантиндік шараларды енгізу қажеттігі туындап отыр, - деді өңір басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу