Қостанайда кәсіпкерді бопсалады деген күдікпен ұсталған адамнан 15 млн теңге табылды

228

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қостанайда кәсіпкерді бопсалады деген күдікпен ұсталған адамнан 15 млн теңге табылды Фото: bugin.kz

Қостанай облысының Қарабалық ауданында бопсалаушы блогер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде айыптаушы материалды жариялаймын деп бопсалап, кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша талап еткен.

Өткізілген жедел іс-шаралар барысында блогерді прокуратурамен бірлесіп, Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді.

– Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу