Аяқ астынан жел тұрып, 13 жастағы баланың үстіне ағаш құлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Аlau.kz-ке сілтеме жасап.
"Балалар алаңда ойнап жүрген. Кенет жел тұрып, басқа балалар тұра жүгіргенде, менің ұлым қашып үлгермеген. Оның үстіне ағаш құлап, есінен танып қалды. Маңайда жүрген үлкендер жедел жәрдем шақырды. Ұлымның басы жеңіл жарақаттанған",- дейді баланың анасы.
Мөлдір Алмағанбетова жергілікті әкімдікке өтініш жазды. Оның талабы – аймақты кеуіп кеткен ағаштардан тазартап, балалар өміріне төнген қауіптің алдын алу.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу