Қостанай облысында көбік кешінде 9 жасар қызды ток соқты

685

Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қостанай облысында көбік кешінде 9 жасар қызды ток соқты Фото: canva.com

"25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне орай көбік кеші өтті, онда 9 жасар қызды ток соқты. Іс-шарада кезекшілік еткен дәрігерлер оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігі (кәмелетке толмағандарға арналған тауарлар немесе қызметтерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қажетті тергеу амалдары жүргізіледі, тиісті сараптамалар белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу