Қостанай облысының полиция департаменті Науырзым ауданы, Дәмді ауылы маңындағы көпірде пайда болған жарықшақ салдарынан оның бұзылу қаупі төніп тұрғанын хабарлады.
Осыған байланысты көпірдегі қозғалысты көліктің барлық түріне жабу туралы шешім қабылданды.
"Жезқазған-Петропавл" А-16 республикалық тас жолы арқылы айналма жол қарастырылған. "Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз! Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлаңыз және ресми ақпаратқа сүйеніңіз", - деп хабарлайды жол полициясы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу