Қостанай облысында коронавирус өрши бастады

500

Соңғы жиырма күнде инфекция жұқтырғандар саны екі жарым есеге көбейген.  

Қостанай облысында коронавирус өрши бастады Фото: kstnews.kz

Өткен айда 48 адам ем қабылдаса, осы айда бұл көрсеткіш 108-ге жеткен, деп жазады inbusiness.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Науқастардың арасында ауыр хәлде жатқандар жоқ. Дегенмен, ары қарай ахуал оңалмаса, аймақта жаппай маскалық режим енгізілуі мүмкін. Дәрігерлер болса вакцина алушылардың күрт азайғанына алаңдаулы. Күніне орташа есеппен 100-150 адам екпе салдырады. Қазір QazVac, Синофарм, Пфайзер вакциналары жеткілікті. Жедел респираторлық вирус инфекциясының да қарқыны жоғары. Осыған байланысты жедел жәрдем қызметін шақыру екі есе көбейген. 

"151 адам тұмаумен ауырып жатыр. Олардың арасында 20 проценті балалар, қалғаны ересектер. Былтыр осы уақытта 3 адам ауырса, биыл осы кезде 150 адам", - деп аймақтағы ахуалды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова баяндады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу