Қостанай облысында қорықшы және учаскелік полицей елікті құтқарды

500

Жарақаты жазылғаннан кейін елік табиғи ортаға жіберіледі. 

Қостанай облысында қорықшы және учаскелік полицей елікті құтқарды Фото: polisia.kz

Баннов ауылының тұрғындары ауылға кіріп кетіп, қоршауға қыстырылып қалған сібір елігін көріп, Федоров ауданының полиция бөлімінің қызметкерлеріне хабарласқан. Учаскелік полиция инспекторы Мерген Сабыржанов пен қорықшы Генадий Рябов құтқару операциясын жүргізді.

Анықталғандай, еліктің артқы аяқтары зақымданған. Сол себепті оған ветеринарлық көмек көрсетілді. Елік Қостанай облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының орталығына орналастырылды. Мамандар оның жағдайын бақылайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу