Қостанай облысында құны 582 млн теңге болатын жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

162

Меңдіқара ауданында жалпы аумағы 175 гектар жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды.  

Қостанай облысында құны 582 млн теңге болатын жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды Фото: ulysmedia.kz

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аудан прокуратурасы жүргізген қадағалау барысында Алешин және Буденный ауылдық округтерінде орналасқан екі ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жайылымдық жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде аталған жер учаскелерінде мал жаюға және мал азығын дайындауға қажетті мал басының болмағаны белгілі болды. Бұл Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен "Жайылымдар туралы" заң талаптарының бұзылуы ретінде бағаланды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жер учаскелерін жалға алу шарттары бұзылып, жалпы аумағы 175 гектар, кадастрлық құны 582 миллион теңгені құрайтын жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокуратураның мәліметінше, жер қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуын бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу