Тексеру арқылы меншік немесе жалдау құқығында өндірістік базалар болмаған кезде қызметті жүзеге асыратын 200-ден астам лицензиат, сондай-ақ бірыңғай біліктілік талаптарында көзделген аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлер анықталды.
Қабылданған шаралар аясында 64 лицензиатқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы бойынша хаттамалар жасалды.
Істерді қарау нәтижесінде 17 компания жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, 16 лицензияның қолданылуы уақытша тоқтатылып, 2 лицензияның қолданылуы тоқтатылды.