Қостанай облысында қолайсыз ауа райында мал іздеуге кеткен ауыл тұрғыны жоғалып, бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қарабалық ауданы Славенка ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде 1987 жылы туған ер адам мал іздеп кетіп, кейін байланысқа шығуды тоқтатқан. Алаңдаған жұмыс берушісі полициядан көмек сұрады", – делінген хабарламада.
Іздестіру 5 қарашадан бастап жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері, Шекара қызметі, еріктілер, сондай-ақ кинологиялық есеп пен пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу