Қостанай облысында мал шаруашылығына бөлінген 96 млн теңге субсидия жымқырылған

143

Тергеу барысында үш адамның кінәсі дәлелденіп, іс сотқа жолданды. 

Қостанай облысында мал шаруашылығына бөлінген 96 млн теңге субсидия жымқырылған Фото: ElDala

Қостанай облысында мал азығын арзандатуға және селекциялық жұмыстарға бөлінген мемлекеттік субсидияларды жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде мемлекеттік қаржының мақсатсыз жұмсалғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Аса ірі көлемдегі алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында үш адамның кінәсі дәлелденіп, іс сотқа жолданды. Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындағандықтан, қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралды.

Сот үкімімен олар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. Сонымен қатар мемлекет пайдасына келтірілген 96 миллион теңгеден астам шығын өндірілуге шешім шығарылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу