Қостанай облысында медициналық қалдықтарды залалсыздандыратын автоклавтар пайда болды

1268

Қостанай облысында медициналық қалдықтарды залалсыздандыратын автоклавтар пайда болды

Аймақта бұдан былай медициналық қауіпті қалдықтар халықаралық экологиялық стандарттар бойынша кәдеге жаратылатын болады. Қостанай, Жітіқара және Рудный қалаларында арнайы қондырғы – автоклавтар пайда болды, деп жазады alau.kz.

Бір рет қолданылатын қауіпті медициналық  қалдықтардың  90 пайызы пештерде өртеу арқылы кәдеге жаратылады.  Аймақтар бірнеше арнайы инсенератор болғанымен, оларды қоршаған ортаға, адам денсаулығына қауіпсіз деуге келмейді.  Осының салдарынан ауаға диоксиндер таралып жатады.  Бұл улы зат ауада, тамақта және адам организмінде жинақталып, қатерлі ауруларға душар етеді.

Бірталай жылдан бері зиянды әрі қауіпті қалдықтармен күрес жүргізуде Қазақстанға БҰҰ халықаралық ұйымы қолдау көрсетіп келеді.  Астанада, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында пилоттық жобалар жұмыс істеп жатыр.  Бұл аймақтарда  медициналық қалдықтарды залалсыздандыру үшін  арнайы автоклавтар орнатылған. Мұндай қондырғы Қостанай үшін тың жаңалық емес.  Дәл осындай жабдық қан орталығы мен №4 емханада да бар, бірақ олар өз қажеттіліктерін ғана өтіп тұр.

Автоклавтар грант қаражаты есебінен орнатылды. Алдағы уақытта, мемлекеттік сатып алу аясында,  медициналық материалдарды залалсыздандыру қызметтерін қаладағы барлық ауруханалар пайдаланатын болады. Сонымен қатар Жітіқара мен Рудныйда да пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу