Қостанай облысында мектеп директорына адам қақты деген айып тағылып отыр

944

Полиция департаменті тергеу басталғанын хабарлады.

Қостанай облысында мектеп директорына адам қақты деген айып тағылып отыр

Қостанай облысында мектеп директорына мас күйінде көлік жүргізіп, оқушы қызды қағып кетті деген айып тағылды, деп жазды inbusiness.kz.

"Оқиға 20 желтоқсан күні сағат 18.40 шамасында Жангелді ауданында болды. Мәуленова мен Құлжанов көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo көлігін басқарған 62 жастағы жүргізуші 14 жастағы қызды қағып кеткен. Жүргізуші Ш. Уәлиханов атындағы жергілікті мектептің директоры болып шықты", – деп жазылған хабарламада.

Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу басталғанын хабарлады.

"Тексеру нәтижесі бойынша жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды", – деп хабарлады полиция.

Білім басқармасының баспасөз қызметі мектеп директорының қазір еңбек демалысында екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу