Қостанай облысында мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді

681

Қостанай облысында 22-23 қараша аралығында дауылды ескерту жарияланды.

Қостанай облысында мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді Фото: inbusiness.kz

Қостанай облысындағы мектептер жаңбырға байланысты қашықтықтан оқытуға көшті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай облысында 22-23 қараша аралығында дауылды ескерту жарияланды. Облыс тұрғындарынан алыс жолға шықпауды сұрайды.

Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр мен қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ, тұман, бұрқасын болады. Бірқатар мектептер таңертеңгі сабақтарды тоқтатып, балаларды онлайн оқытуға көшірді.

"Автобус Қарабалық ауданындағы Михайловская орта мектебіне қайтып келді. Лесное ауылындағы бөлімшеге көпірден өте алмай қалды. Қазірдің өзінде жаңбыр жауып тұр, 18 баланы қашықтықтан оқытуға көшіреміз", деп хабарлайды аудандық білім бөлімі.

Сондай-ақ, Арқалық қаласының студенттері де сабаққа келмеді. Науырзым ауданы мен Бейімбет Майлина ауданында жаңбыр мен көктайғақ салдарынан 22 мектеп қашықтан білім алуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу