Қостанай облысында мұғалімдердің 25 млн теңге зейнетақы төлемі аударылмаған

372

Прокурорлық тексеру нәтижесінде берешек өтелген.

Қостанай облысында мұғалімдердің 25 млн теңге зейнетақы төлемі аударылмаған Фото: stylishbag.ru

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалуына ықпал етті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл ауданның білім беру ұйымдарының 1 432 қызметкеріне жалпы сомасы 25 млн теңгеге міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері аударылмағандығы анықталды.

Аталған заңбұзушылық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша талдау жүргізу барысында анықталды.

Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылды, кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылды, нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешек өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Еңбек заңнамасының талаптарын бұзуды алдын-алу мақсатында, аудан прокуратурасымен еңбек ұжымдарының, аудан басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

"Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау - прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу