Қостанай облысында мүйізі кесілген он алты киіктің еті табылған

2134

Қостанай облысының полицейлері киіктерді ату фактісі бойынша шұғыл-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр

Қостанай облысында мүйізі кесілген он алты киіктің еті табылған

Қостанай облысының полицейлері киіктерді ату фактісі бойынша шұғыл-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.         

Ведомствоның хабарлауынша, Жангелді ауданының полиция бөліміне "ОХОТЗООПРОМ"  мемлекеттік кәсіпорнының инспекторынан Қарасу ауылынан 70 шақырым жерде мүйіздері кесілген 16 киіктің еті табылды деген хабар келіп түскен.    

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Аса ірі көлемде зиян келтірумен заңсыз аңшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталған.         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу