Қостанай облысында мұнай өңдейтін жасырын цех табылды

1182

Заңсыз айналымынан құны 4 млн теңгеден астам сомаға 30 тоннаға тең мұнай тәркіленді.

Қостанай облысында мұнай өңдейтін жасырын цех табылды

Қостанай облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан 30 тоннаға жуық мұнай тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінде мәлім етілгендей, облыс аумағынан мұнай өнімдерін қайта өңдейтін жерасты жасырын цехы табылды.

"Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан құны 4 млн теңгеден астам сомаға 30 тоннаға тең мұнай тәркіленді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, экономикалық тергеу қызметі осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижесін жариялаған болатын. Сондай-ақ, жыл басынан бері Қостанай облысында алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымынан құны 5,5 млн теңгеден асатын 23 540 бөтелке және 10 420 литр мөлшерінде алкоголі бар сұйықтық тәркіленген. "Бонд" брендімен шығатын 3,4 млн теңгенің (15 мың пакет) темекі өнімдері де сауда орындарынан алынып тасталды.

Жалпы, тергеу қызметі өткен 6 ай ішінде өндіріске 116 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді. Оның 43-і ірі көлемді қылмыс санатына жататыны анықталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу