Қостанай облысында нан бағасы қымбаттауда

1406

Басты тағам бағасының өсуі онсыз да карантиндік шектеулерден табысы төмендеп титықтаған тұрғындардың ашу-ызасын туғызды. 

Қостанай облысында нан бағасы қымбаттауда

Әлеуметтік маңызы бар тағам тізіміне енген, бірінші сұрыпты нанның құны 80 теңгеден 115 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Аtameken Business. Қамба алтын астыққа толып, ел көңілі жайланғанда ас атасының қымбаттауы жұртшылықты алаңдатып отыр. Наразы халықтың базынасын ескерген билік бірнеше шұғыл шараларды қолға алған болды. Мониторинг топтар құрып, дүкендерді тексеруге шықты. Сондай-ақ облыстың сақтандыру қорынан арзандатылған бағамен бірінші сұрыпты ұн наубайханаларға жеткізілуде. Алайда одан пісірілген нан тек ірі супермаркет жүйелері мен санаулы сауда орындарына таратылады. Оның құны 82-ден 85 теңге аралығында. Өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 1 млрд 232 млн теңге бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу