Қостанай облысында неге 223 елді мекенінің бас жоспары әзірленбейді?

Бұл ауылдардың даму әлеуеті төмен.  

Қостанай облысында неге 223 елді мекенінің бас жоспары әзірленбейді? Фото: qazaqstan.tv

Бүгінгі таңда облыстағы 526 елді мекеннің ішінде 6 қала мен 48 ауылдың бас жоспары жаңартылды, 320-сының бас жоспары ескірсе, 152-сінде мұндай құжат мүлде жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2007-2022 жылдар аралығында барлығы 54 бас жоспар әзірленді. Бүгінгі таңда Қостанай облысында қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз етілу 71% немесе елді мекендердің жалпы санына қатысты 374 бас жоспарды құрап отыр. Халық саны бес мың адамнан аспайтын шағын ауылдардың жеңілдетілген бас жоспарларын кезең-кезеңімен әзірлеуге келетін болсақ, бұл жұмыс 2025 жылға дейін Жол картасымен айқындалған.  Соған сәйкес 249 ауылды бас жоспармен қамтамасыз ету жоспарлануда, оның ішінде 179-ында ескірген бас жоспар болса, 70-інде жоқ", - деп хабарлады Қостанай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Бұл ретте 223 елді мекен Жол картасына енбеген, олардың даму әлеуеті төмен болғандықтан жоспар жасалмайды.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылы облыстық бюджет есебінен алты аудан орталығының (Сарыкөл, Қараменді, Қарабалық, Амангелді, Денисовка, Торғай) жалпы сомасы 113,9 млн теңгеге бас жоспарлары әзірленбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу