Мамандардың айтуынша, бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазір жағалау тазартылып жатыр. 7 тоннаға жуық сазан, табан, шортанның өлекселері жиналды. Жағдайдың неден болғаны әзірге белгісіз.
Себебін анықтау үшін, көлден су сынамасы алынып, зертханалық тексеріске жіберілді.
"Су айдынының аумағы шамамен 768 гектар. Былтыр көлге су келді. Бірақ нақты иесі болмағандықтан, ешқандай мелоративті шаралар жүргізілмеген. Яғни оттегімен қамтасыз ету үшін ойықтар ойылмаған. Біздің ойымызша, балықтар ауа жетпей тұншығып өлген. Қазіргі кезде су бетіндегі, жағалаудағы өлекселерді жинап, оларды жою жұмыстары жүріп жатыр", – деді Тобыл–Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Мұрат Моргулов.