Қостанай облысында орман ағаштарын заңсыз кескендер ұсталды

99

ІІМ орман қорының сақталуы мен еліміздің табиғи экожүйелерін қорғау мәселелерін тұрақты бақылауда ұстайды.

Қостанай облысында орман ағаштарын заңсыз кескендер ұсталды  Фото: Polisia.kz

Қостанай облысында полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, ағаш дайындау және оны өткізу бойынша заңсыз қызмет ұйымдастырды деген күдікті топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел деректерге сәйкес, топтың бір мүшесі орман қоры учаскесін өңдеу құқығын аукцион арқылы алғанымен, бұл рұқсатты орман ағаштарын заңсыз кесуді жасыру үшін пайдаланған.

Фигуранттардың "қарағай" тұқымдас ағашты дайындаумен және оны бақылауындағы арналары арқылы өткізумен айналысқаны анықталды.

Тергеу іс-шаралары барысында арнайы техника, көлік құралдары, дайындалған ағаш, сондай-ақ шикізатты дайындау және айналымына қатысты құжаттар тәркіленді.

Полицияға 20 фигурант, оның ішінде ұйымдастырушы, орындаушы және делдал ретінде қатысқан тұлғалар жеткізілді. Заңсыз схеманың барын растайтын айғақтар мен дәлелдер алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сараптамалар тағайындалып, кесілген орманның нақты көлемі мен мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу