Қостанай облысында орман өрті дер кезінде сөндірілді

453

Өрт 0,15 гектар аумақты қамтыған, тілсіз жау мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында кең аумаққа таралмай сөндірілді.  

Қостанай облысында орман өрті дер кезінде сөндірілді Фото: kaz.inform.kz

28 шілдеде Қазақстан бойынша мемлекеттік орман қоры аумағында бір орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай облысында болған өрт 0,15 гектар аумақты қамтыған. Өртті мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері жерүсті патрульдеу кезінде дер кезінде анықтаған.

Оқиға орнына орман шаруашылығының қызметкерлері мен қажетті техника жедел жұмылдырылды. Соның арқасында өрттің кең аумаққа таралуына жол берілмей, қысқа уақытта толық сөндірілді.

Мамандар өрт қауіпті кезеңде азаматтарды, табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу