Қостанай облысының Жітіқара қаласында екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдай қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар сыйымдылығы 27 литр болатын алты газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп атап өтті ведомство. Құтқарушылардың және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрттің көрші нысандарға таралуына жол берілмеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу