Қостанай облысында өрттен бес баласынан айырылған анаға пәтер берілді

391

Жітіқарада өрт салдарынан бес баласынан айырылған анаға пәтер беріліп, материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Қостанай облысында өрттен бес баласынан айырылған анаға пәтер берілді Фото: ТЖМ

Қайғылы оқиғадан кейін арнайы құрылған мобильді топ көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларды аралап, көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғыларды тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Жітіқара ауданының әкімі анаға материалдық көмек көрсетіліп, өтемақы төленгенін хабарлады. Үлкен ұлымен үйсіз қалған әйелге, екі кәсіпорын 2 бөлмелі пәтер сыйлаған.

Сонымен қатар, тұрмыстық техника мен жиһазбен қамтамасыз етілген. Аудан басшысы қайғылы оқиғаға дейін отбасы әлеуметтік қызметкерлердің бақылауында болғанын, алайда ол жағдайы жақсы деп саналғанын айтты. Анасы дүкенде жұмыс істеп, балалары мектепте оқыған.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға қазан айында болған. Өрт кезінде тек 13 жастағы үлкен бала ғана аман қалған. Үйде ересектер болмаған. Алдын ала болжам бойынша, өртке мұржадағы газ баллоны себеп.

"Всеобуч" қоры арқылы балаға 100 АЕК көлемінде көмек көрсетілді, оны киіндіріп, аяқ киіммен қамтамасыз еттік. Бұл қайғылы жағдайдан аман қалған үлкен ұлы мектепке барып жүр. Астана қаласынан келген кәсіпкерлер бізге хабарласып, балаға шағын депозит ашқысы келетіндерін айтты. Қазіргі нақты шешімді білмеймін, бірақ олар өздері бастама білдірген", – дейді Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жанысбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу