Қостанай облысында өрттен екі бала қаза тапты

462

Өрт кезінде балалардың жанында ешкім болмаған.

Қостанай облысында өрттен екі бала қаза тапты Фото: tengrinews.kz

Қостанай облысында өрттен екі кішкентай бала қаза тапты. Бұл туралы елордада халықпен кездесу барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Күні кеше Қостанай облысында қайғылы жағдай болды. Отбасы әлеуметтік жағынан қолайсыз деп есептелмеген. Анасы 2020 жылы туған екі кішкентай баланы үйде жалғыз қалдырып, электр жылытқышын қосып кеткен. Салдарынан электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып, өрттің шығуына әкелді. Өкінішке қарай, екі бала 5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт кезінде көміртегі тотығынан уланып, қаза тапты", - деді ведомство басшысы.

Министр балаларды қараусыз қалдыру көптеген төтенше жағдайларға себеп екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу