Қостанай облысында өрттен ер адам қаза тапты

772

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрт салдарынан Аманқарағай ауылында бір адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Қостанай облысында өрттен ер адам қаза тапты

– Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы бүгінгі таңдағы жағдай туралы мәлімет берсем, өрт 2 қыркүйек күні шамамен сағат 15.10-да тұтанғаны белгілі. Өрттің жылдам таралуына күн райы мен секундына 20 метр жылдамдықпен ұйытқыған ыстық жел түрткі болды. Салдарынан өрт орман алқабына кең жайылып, елді мекендердегі тұрғын аумаққа қауіп төндірді. Жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған бөлімшелердің дер кезінде қолға алған шаралары нәтижесінде өткен тәуліктің ішінде өрт таралу қаупі бар елді мекендерден 1800-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Түнгі сағат 00.00-дегі жағдай бойынша баяндағанымда зардап шеккендер мен қайтыс болғандар туралы мәлімет болмаған еді. Бүгін таң атысымен үйінділерді аршыған кезде Аманқарағай елді мекенінде кісі өлімін анықтадық. Бұл 1936 жылы туған мүгедектігі бар адам болып шықты, – деді министр.

Министрдің айтуынша тұрғындарды эвакуациялау кезінде учаскелік инспектор оны да хабарландырған, бірақ эвакуациялау шараларынан бас тартқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу