Қостанай облысында сегіз жасар бала 1 күннен бері іздестіріліп жатыр. Оны Тобыл өзеніндегі ағыс алып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 8 жасар баланың іздестіріліп жатыр.
Бейімбет Майлин ауданына қарасты Козыревка ауылында Тобыл өзенінің арғы бетіндегі топырақ жағалаудан ер адам мен бала өтіп жатқан. Екеуі абайсызда суға түсіп кетті.
"Ер адам судан өз бетімен шықты. Баланы іздестіру жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары, сондай-ақ жүзу құралдары мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды”, – деп хабарлады Қостанай ТЖД.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу