Қостанай облысында пайдаланылмаған 455 гектар жер мемлекетке қайтарылды

360

Қамысты ауданында 10 млн теңгелік жер учаскесі мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне алынды.  

Қостанай облысында пайдаланылмаған 455 гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: gov.kz

Қостанай облысының Қамысты аудандық прокуратурасы қадағалау барысында ауыл шаруашылығы жерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру кезінде Аралкөл ауылдық округі аумағында орналасқан 455 гектар жер телімінің ұзақ уақыт бойы игерілмегені белгілі болды.

Прокуратура мәліметінше, егістік жер өңделмеген және арам шөп басқан. Аталған учаске ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланбау заң бұзушылық болып саналады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, Қамысты аудандық сотының шешімімен кадастрлық құны 10 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтарылды.

Қайтарылған жер арнайы жер қорына енгізіліп, алдағы уақытта шаруа және фермер қожалықтарын жүргізу үшін азаматтарға қайта бөлінетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу