Қостанай облысында пантеоны бар кешен салу жоспарлануда

766

Жобаның құны 100 млн теңгені құрайды.

Қостанай облысында пантеоны бар кешен салу жоспарлануда

Қостанай облысында пантеоны бар үлкен кешен салу жоспарлануда, деп хабарлайды alau.kz

Деректерге сүйенсек, кешен Амангелді ауданындағы Кейкі батыр кесенесінің жанында тұрғызылмақ.

"Кесененің жанында мұражай, көрме, кинозалдар, тұрғын үй және 9 орындық пантеон болады. Көлемі 500 шаршы метр үлкен кешеннің құрылысын Сағадат Нұрмағанбетов атындағы қор қаржыландырады. Кешен жобасын сәулетші Сағындық Смайылұлы әзірледі", – делінген хабарламада.

Амангелді ауданының әкімі Әмірхан Асановтың айтуынша, құны 100 млн теңгеден асатын жоба әзірге ресми түрде бекітілмеген.

"Бұл республикалық маңызы бар нысан болады. Авторлар оны облыстық мәдениет басқармасында және облыс әкімінің орынбасары деңгейінде бекітетін болады. Біз құрылысқа жер бөлуге дайынбыз. Бекітілген жағдайда ол мамыр айында басталып, бір немесе екі жылда аяқталады. Алдымен кешен жұмысшылары мен күзет қызметкерлеріне арналған үйлер салынады. Осылайша, бірнеше жаңа жұмыс орны ашылады. Егер туристер көптеп келіп жатса, жоба авторлары келушілерді қонақ үйге орналастыру мүмкіндігін қарастыруға дайын", – деді Асанов.

Дегенмен, ол кешеннің аумағындағы пантеонға кімді жерлеу жоспарланғаны туралы айтудан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу