Қостанай облысында пара алды деген күдікпен 3 полицей ұсталды

540

Қостанай облысының Денисов ауданында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен 3 полицей ұсталды, деп жазады  inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Қостанай облысында пара алды деген күдікпен 3 полицей ұсталды

Денисов аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Ербол Шашков, жергілікті полиция қызметінің бастығы және аталған ведомствоның тағы бір қызметкері түсініктеме беруде.

Ақпаратта көрсетілгендей, аталған дерек бойынша Қостанай облысы ПД түсініктеме беруден бас тартқан. "ТоболИнфо" ақпараттық агенттігі сұрау хатты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберген.

Тәртіп сақшылары "Приреченское" ЖШС-нен 3 миллион теңге көлемінде қаражат алғысы келгендігі туралы да айтылады. 

Жергілікті полиция қызметінің бастығына қатысты үйқамаққа алу түрінде санкция қолданылды. Ал ішкі істер басқармасының бастығы үшін бұлтартпау шарасы әлі таңдалмапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу