Қостанай облысында полицейлер 90-нан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полицейлер құтқарушыларға Қарасу ауданындағы Қарамырза кентінің тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті. Олардың арасында балалар, әйелдер және мүгедектер бар.
Өз бетінше қозғала алмайтын тұрғындарды полицейлер түрлі құралдарды пайдалана отырып, көтеріп алып шықты.
Қарасу ауданының полиция бөлімінің бастығы Руслан Төлеубаевтың айтуынша, ер адамдар су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге қалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу