Қостанай облысында полицейлерге күш қолданған ер адам сотталды

139

Жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының жасы, денсаулық жағдайы қаралды. 

Қостанай облысында полицейлерге күш қолданған ер адам сотталды Фото: газета.ру

Қостанай облысы Қарабалық ауданының тұрғыны полицейлерге күш көрсеткені үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өзінің қызметтік міндеттерін орындаған полицейлердің өміріне қауіп төндірмейтін зорлық-зомбылық көрсеткені үшін тұрғынға қатысты іс қаралды. 

Сотпен анықталғандай, сотталушы патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарына кедергі келтіре отырып, өз көлігімен екі қызметкерге қасақана шабуыл жасап, соңғысына дене жарақатын келтірген. 

Ер адам сотта кінәсін мойындамады. 

Сот айыпталушыға жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 4 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Ол әрбір жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен сот 500 000 теңгеден өндіріп алды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу