Қостанай облысында Ресей және Қырғызстан азаматтары жол апатынан зардап шекті

873

Қостанай облысында жол апаты салдарынан шетел азаматтарына медициналық жәрдем көрсетілді.

Қостанай облысында Ресей және Қырғызстан азаматтары жол апатынан зардап шекті

Зардап шеккендер Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz . Төрт адамнан құралған ресейлік отбасы кеуде және бет терісінен жарақат алды. Оларға амбулаторлық көмек көрсетілді. 1981 жылы туған Қырғызстан азаматы бұғанасын зақымдап алды. Жол апаты Алматы – Екатеринбург тас жолының 390-шы шақырымында тіркелді. Toyota Estima шағын автобусы Toyota Corolla жеңіл көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнына облыстық ТЖД және полицияның 11 қызметкері, 7 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу