Қостанай облысында ресейлік энергетикалық сусындар сатылымнан алынды

750

Санитариялық дәрігерлер ресейлік энергетикалық сусындарға шамадан тыс консерванттар қосылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында ресейлік энергетикалық сусындар сатылымнан алынды

Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының сауда желісінде сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу  қорытындысы бойынша "Кофеинмен және тауринмен Flash up energy" (163,3 мг/л) және "Monster Energy" (173,72 мг/л) алкогольсіз энергетикалық газдалған сусындардағы натрий бензоатының (Е211) артқанын анықтаған.

Сусындардың өндірушілері – "Балтика" "Сырақайнату компаниясы" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және "Refresco Benelux B.V" (Нидерланды Корольдігі) компаниясы. Азық-түлікті ұзақ уақыт сақтау үшін, тағамдық қоспалар консерванттар ретінде қолданылады.

"Өнімдер партиясы сатылымнан шығарылды, ал жеткізушіге ішімдіктерді сату айналымынан алып тастау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды".

Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитеті 

Жүктілік кезінде құрамында натрий бензоаты бар тағамдар мен сусындарды қолданбаған дұрыс. Өйткені бұл зат аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. 

Комитет Ресейдің "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау қызметіне" (Роспотребнадзор) осы өндірушілердің өнімдерін зертханалық күшейтілген бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу