Қостанай облысында сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды

194

Мұндай жағдайға ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

Қостанай облысында сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды Фото: ucvt.org

Қостанай облысында ауа температурасының -28-30°C дейін төмендеуі және желдің күшеюіне байланысты 2026 жылғы 22 қаңтарда бірқатар елді мекендерде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай қаласындағы колледждерде бірінші ауысымның 1-2 курс студенттері онлайн оқуға көшті. Ал 3-4 курс студенттерін қашықтан оқытуға ауыстыру туралы шешімді колледж директорлары дербес қабылдайды.

Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай қаласы мен Білім бөліміне қарасты елді мекендердегі мектептердің бірінші ауысымында оқитын 1-11 сынып оқушылары қашықтан білім алуда.

Алтынсарин және Бейімбет Майлин аудандарында да -30°C дейінгі аязға байланысты 0-11 сынып оқушылары үшін бірінші ауысым онлайн форматқа ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу