Қостанай облысында сәби 5-қабаттан құлап кетті

950

Рудныйда екі жасар сәби 5-қабаттағы терезеден құлап, мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қостанай облысында сәби 5-қабаттан құлап кетті

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 13 сәуірде кешке 2020 жылы туған бала Павел Корчагин көшесіндегі үйдің 5-қабатынан құлап кеткен. Сәби алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды. 

Құтқарушылар бала терезедегі москит торына сүйенгенін айтады. Кейін бала тормен бірге жерге құлаған. 

Оқиғаның мән-жайын полицей анықтап жатыр. Төтенше жағдайлар басқармасы балаларды пәтерде қараусыз қалдырмай, сақтық шараларын ұмытпау керегін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу