Қостанай облысында сағат белдеуі ауыса ма?

529

Ведомствоаралық жұмыс тобында аталған мәселе қарастырылатын болады.  

Қостанай облысында сағат белдеуі ауыса ма? Фото: SN.kz

Қостанай облысында сағат белдеуі ауысуы мүмкін бе? Бұл сұраққа ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Техникалық реттеу және метрология комитетіне қоғам қайраткерлері, ғалымдардан бірқатар облыста сағат белдеуін өзгерту мүмкіндігін қарастыру туралы өтініштер бірнеше мәрте келіп түсті. Соның ішінде Қостанай облысы да бар. Осы мәселені қарастыру бойынша бірқатар тапсырма болды. Сондықтан ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысы жанданады. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдардың басшылық құрамы кіретін болады", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, жұмыс тобында аталған мәселе қарастырылмақ.

"Егер уақыт белдеуін қайта қарау мәселесін шешу үшін ғылыми негіздеме мен басқа факторлар болса, онда бұл ұсыныс Үкіметке енгізіледі", - деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу