Қостанай облысында самокатшыларға қатысты 100-ден аса бұзушылық анықталды

328

Жүргізушілердің басым бөлігі қорғаныс шлемі мен арнайы киімді пайдалану талаптарын бұзған.

Қостанай облысында самокатшыларға қатысты 100-ден аса бұзушылық анықталды Фото: inbusiness.kz

Қостанай облысының патрульдік полициясы электр самокатшылар тарапынан жол ережесін бұзудың 107 дерегін анықтады. Оның ішінде 90-ы Қостанайда тіркелген, деп жазады inbusiness.kz ng.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюктің сөзінше, самокат жүргізушілері негізінен қорғаныс киімі мен шлемді пайдалану туралы талаптарды бұзады. 

"Мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабында 5 АЕК (17 мың теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Жүргізушілердің 90%-ында электр самокаттарын басқару кезінде жүргізуші куәлігі болмаған. Олар ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша 3 АЕК (10 мың теңгеден астам) мөлшерінде ескерту немесе айыппұл салу түрінде жауапқа тартылады", - деді ол.

Департамент заңмен электр скутерлерді пайдалану ережелері белгіленгенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу