Қостанай облысында шаруаларға қандай көмек түрлері көрсетіледі? – әкім жауабы

430

Ауыл шаруашылық саласына жыл сайын мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек беріледі.

Қостанай облысында шаруаларға қандай көмек түрлері көрсетіледі? – әкім жауабы Фото: ortcom.kz

Биылдың өзінде Қостанай облысында бұл салаға 40,5 млрд теңге субсидия қарастырылған. Бұл туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Жыл сайын субсидияның көлемі өсіп жатыр. Көктемгі, күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы 5 пайызбен қаржы да беріліп тұрады. Мысалы, шаруашылықтарға 34 млрд теңгенің көлемінде берілді. Бұдан бөлек "Азық-түлік корпорациясы" арқылы форвардтық сатып алу механизмі де бар. Яғни алдын ала шаруа қожалықтарының басшылықтарына ақша беріледі. Оның да сомасы 7,5 млрд теңгені құрады. Оған қоса ірі жобаларды іске асырамын деген азаматтарға бюджеттен 4 пайызбен несие береміз. Бүгінгі таңда 15 млрд теңге қарастырылған" , - деді өңір басшысы.

Облыс әкімнің сөзінше, бұл ірі сүт-тауар фермаларын салуға бағытталмақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу