Қостанай облысында шетелдіктер наубайханада заңсыз жұмыс істеген

553

Қостанай облысында екі шетелдік наубайханада заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Қостанай облысында шетелдіктер наубайханада заңсыз жұмыс істеген Фото: ult.kz

"Қостанай облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шара жүргізу барысында нан-бөлке өнімін шығаратын нысанда заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының екі азаматын анықтады. Шетелдіктер көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Материалдар сотқа жолданды. Бұл бап бойынша олар ҚР аумағынан шығарылуы немесе айыппұл төлеуі мүмкін", - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінен.

Шетелдік жұмыс күшін тартқан наубайхана иесі де жазалануы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу