Қостанай облысында шомылу маусымында 13 адам суға кеткен

388

Тағы 10 адам құтқарылған.

Қостанай облысында шомылу маусымында 13 адам суға кеткен Фото: inbusiness.kz

Қостанай облысында шомылу маусымының қорытындысы шығарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ресми түрде шомылу маусымы 1 қыркүйек күні жабылды.

Облыстық Төтенше жағдай қызметі департаменті полиция және көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп судағы демалыс орындары бойынша 4 мыңнан аса рейд жүргізген. Нәтижесінде 216 бұзушылық анықталып, 146 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асып жығылған.

"Шомылу маусымында жедел-құтқару жасағы 10 адамды құтқарды. Олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Өңірдің су айдындарында барлығы 13 қайғылы оқиға тіркелді. Қаза тапқандардың ішінде балалар болған жоқ. Былтыр 2 бала суға батып кеткен болатын", - деді облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жанат Асылбеков.

Жазатайым жағдайлардың негізгі себептеріне мас күйінде суға шомылу, қайықта балық аулау кезінде, сондай-ақ өз күшін асырау бағалау себебінен де қаза тапқан. Суға батқан он үш адамның 12-сі ер адам.

Шомылу маусымындағы өлім-жітімнің ең көп саны Бейімбет Майлин ауданында тіркелді – 5 жағдай, ал Қостанай ауданында және облыс орталығында – 3 дерек, Рудныйда – 2 жағдай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу