Қостанай облысында сібір жарасы тіркелді

821

Қостанай облысының Денисов ауданында ірі қара малдың арасында сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды  inbusiness.kz eldala-ға сілтеме жасап.

Қостанай облысында сібір жарасы тіркелді

Сібір жарасы ауруы Приречное ауылында тіркелген. Аталған ауыл аумағында Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 28 маусымдағы ұсынысы бойынша Свердлов ауылдық округі әкімінің шешімімен карантин жарияланды.

Приречное ауылында төрт адам сібір жарасын жұқтырған. Бірінші болып қолында жаралары бар қойшы ауырған. Ол бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, онымен байланыс жасаған адамдар анықталды. Барлығы төрт адам медициналық мекемеге түскен, олардың екеуі жазылып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу