Қостанай облысында синтетикалық есірткі сақтаған тұрғын сотталды

851

Қостанай облысының тұрғыны синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысында синтетикалық есірткі сақтаған тұрғын сотталды Фото: polisia.kz

2023 жылдың қаңтар айында көлік полицейлері Рудный қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасының аумағында есірткі заттарын сақтап және сатқаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған Қостанай облысының 55 жастағы тұрғынын ұстады. 

Жеке тінту барысында ұсталғаннан ақ түсті ұнтақ заты бар изолентаға оралған полимерлі 3 “zip-пакет” табылып, тәркіленді. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 2,30 грамм альфа-PvP синтетикалық есірткі заты болып шықты. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады. 

Аталған факті бойынша көлік полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Сәуір айында Қостанай облысының Рудный қалалық соты қаскүнемді 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу